АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мәскеуде Орта Азиядан келген 100-ден астам мигрант жаппай төбелесті: Себебі белгілі болды[:]

[:kz]

Мәскеудегі Кузьминки метро станциясының жанында мигранттар жаппай төбелескен. Оған тәжік және қырғыз азаматтарының арасындағы жанжал себеп болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

11 шілдеде Химкиде тәжікстандық азаматтармен болған жанжал нәтижесінде Қырғызстанның екі тумасы пышақ жарақатын алған. Зардап шеккендердің жолдастары қарсыластарға кешкі жетілер шамасында Кузьминкиде “кездесу” ұйымдастырған. Абырой болғанда, сол уақытта төтенше жағдай болған жоқ, бірақ агрессивті мигранттар көрші аудандарда ұстала бастады.

 

Түн ортасында Кузьминки метро станциясының жанында Тәжікстан мен Қырғызстан азаматтары арасында жаппай төбелес болды. Оған 180 адам қатысқан. Олардың 94-і ұсталды, қалғандары тығылып үлгерген. 

Қанды төбелеске қатысқан екі азамат әртүрлі дене жарақаттармен ауруханаға түсті.

Белгілі болғандай, төбелес кезінде қатысушылар жолға шығып, автомобильдер мен жаяу жүргіншілерге кедергі келтірді.

[:]