АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мәскеудегі алқабилер соты Томирис Байсафаның өліміне күдіктіні ақтап шықты[:]

[:kz]

 

Мәскеудегі алқабилер соты Томирис Байсафаның өліміне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дағыстанның экс-премьер-министрінің ұлы, басты күдікті Муртазали Меджидов ақталды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлайды. 

 

«Меджидов 105 баптың 1 тармағы бойынша алқабилердің шешімімен ақталды. Ертең сағат 9:30-да сот үкімі оқылады», – делінген Никулинск аудандық сотының баспасөз хабарламасында. 

Марқұмның анасы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. 

«Достар, оны кінәсіз деп тапты. Не айтарымды да білмеймін», – деп жазды Томиристің анасы Жанна Ахметова. 

Айта кетсек, 2018 жылы 13 сәуірде Томирис Байсафа белгісіз жағдайларға байланысты Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кетеді. Алған жарақаттарының салдарынан ол 3 мамырда көз жұмады. 

Оның өліміне кінәлі деген айыппен Дағыстанның экс-премьер-министрінің ұлы Муртазали Меджидов ұсталған болатын. 

 

[:]