АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мастурбация жасайсыз ба? Ол – пайдалы екен![:]

[:kz]

1310397365_kak-dostich-orgazma-300x212Мастурбация, онанизм дегеніміз – ұрықты жыныстық қатынас жолынан басқа жолмен шығару. Мұны кейде «жасырын әдет» деп те атайды. Себебі белгілі, көбіне-көп бұл іс сырт көзден таса, жасырын, жалғыз қалғанда, жыныстық мүшені үйкеліске түсіру арқылы жасалады.

Исламдағы ғұламалар мұны харамға жатқызған. Алайда, онанизмнің харамдығы зинаның харамдығымен тең келмесі анық. Өйткені, әлдебір кісі осы екеуінің бірін жасамаса болмайтындай жағдайға жетсе, зинадан гөрі күнәсі жеңілдеу болғандықтан осы жолды қолдануына болады. «Бел суытудың» бұл әдісіне бой үйретіп алудан мүлде аулақ болу керек. Негізінен жаман әдетке оп-оңай үйреніп алғандар кейіннен одан құтыла алмай, әлек болатыны – шындық.

Еркектің жыныс мүшесінің басы аса сезімтал болып келеді. Қосылу кезінде ол ұрық безіне белгі беріп, нәтижесінде белгілі мөлшердегі ұрық шығып, еркектің қуық асты безінен (простата) шығатын сұйықтықпен араласады. Ал осы сұйықтықтың шығуымен құмарлық басылып, тынышталады. Егер адам жыныс мүшесімен ойнай берсе, үрпісінің терісі қалыңдап, сезімталдығы бәсеңдейді және қуық асты безінің (простата) сұйығымен араласпаған ұрық пайда болады. Ал бұл – құмарлықты басатын сұйықтық. Егер ұрық бұл сұйықтықпен араласпаса, құмарлықтың басылуы уақытша ғана болады. Сосын ол қатта қозады. Нәтижесінде бұл адам екінші, үшінші, тіпті одан да көп шығаруға мәжбүр болады. Тіпті осының салдарынан мүшесі мен ұрық жолдарына зиян тиіп, қан шығып кетуі мүмкін. Бұл әлі «беті ашылмаған» жастарға өте қауіпті. Өйткені, онанизммен айналысу салдарынан үрпісінің сезімталдығы әлсіреген кісінің кейіннен жыныстық қатынас жасауға үйренуі екіталай. Себебі, онанизм салдарынан әлсіреген жыныс мүшесінің басы қынапқа кіргізгенде, қозбайтын болады. Яғни ұрық қолмен ойнау арқылы ғана шығуға әдеттенеді, өзі әйелімен кәдімгідей жыныстық қатынастан ләззат алмайды. Бұл өзіне де, әйеліне де зиянды. Екіншіден, әйелін қосылу жолымен қанағаттандыру – еркектің міндеті.

Жүргізілген сараптамалар нәтижесінде жер бетіндегі әйелдер мен ерлердің 95% жуығы мастурбациямен айналысады екен.
Мастурбация кезінде денені зақымдап алу қаупі бар. Тым көп күш түсіру мен басқа заттарды абайсыз қолданғаннан жарақат (ерлерде – жыныс мүшесі «сынады», әйелдерде – жыныс мүше шырышының бүлінуі) болады.

Мастурбацияның зиянды жақтары:

1. Мастурбация кезінде адам ыңғайсыз кейіпте (поза) болады да, алдағы уақытта сол «үйреншікті» кейірте ғана тояттауға (оргазм алу) үйреніп қалады.

2. Жыныс мүшелеріне түсетін күш жыныстық қатынаста түсетін күшке қарағанда әлдеқайда көп болғандықтан, қатынасқа түсетін серігіңізден ләззат алу қиындап, суый түсуіңіз мүмкін.

3. Мастурбация жыныстық қатынаспен салыстырсақ, өте тез болады. Сондықтан жүйке тамырлары мен қан тамырлары дұрыс жұмыс істемейді.

Мастурбацияның пайдасы:

Мастурбацияны жиі жасаушыларда жұбайының (жарының) көзіне шөп салу, простатит ауруымен ауыру тәуекелдігі аз болатынын, сонымен қатар мастурбация – вагинит сияқты аурулармен күресу жолы бола алатынын мамандар растап отыр.

Айқаракөз

[:]