[:kz]
Мәулен Әшімбаев Қазақстан республикасы парламенті сенатының депутаты болып тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлық шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мәулен Әшімбаев. Болат Шайхинов «Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды» , — делінген хабарламада. Оған қоса, ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылғаны хабарланды. Айта кетейік, екінші мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваның өкілеттілігін тоқтатқан болатын. Мемлекет басшысы оған атқарған жұмысы үшін үлкен алғысын білдірді. Қазіргі таңда парламенттің жоғарғы палатасына әлі де төраға тағайындалған жоқ. Оған қоса, бүгін Орталық сайлау комиссиясы да Дариға Назарбаеваның өкілеттілігін тоқтатқан болатын
[:]