АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мәжіліс депутаты азғындықты дәріптейтін бағдарламалырды тыюға шақырды[:]

[:kz]

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ Мәжіліс  депутаты Кәрібай Мұсырман отандық телеарналарда азғындықты ашық түрде дәріптейтін бағдарламаларды тыюды ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Кәрібай Мұсырман ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа депутаттық сауал жолдады.

Бір топ депутат телеарналардың жұмысындағы өзекті мәселелерді көтерген.»Кейбір телеарналарда ұлттық құндылықтарымызды насихаттамақ түгіл, оларды өрескел бұрмалап, тіпті неше түрлі азғындықты ашық түрде дәріптейтін бағдарламаларды көрсету тыйылмай жатыр.

Мәселен, жақында»Өз ойым» бағдарламасында абыройын ақшаға сататынын жариялаған қазақ қызының шектен шыққан ұятсыз қылығы елді дүрліктірді. Оған қоса, оны мұндай рөл сомдауға үгіттеп көндірген телеарна қызметкерлерінің «атын шығару үшін жер өртеуге» дейін баратын теріс пиғылы жұрттың орынды ашу-ызасын туғызған», — деді Мұсырман.

Депутат Қазақстанның тұңғыш президенті ұсынған «Туған жер» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары мемлекеттік арналарда қажетті деңгейде насихатталмай жүргенін алға тартты.»Осы орайда республикалық бюджеттен мемлекеттік-ақпараттық саясатты жүргізуге бөлінген қаржы жылдан-жылға көбейтіліп отырғанын ескерсек, мәселен, былтыр 46 миллиард 587 миллион теңгеден астам, ал биыл 49 миллиард 482 миллион теңге бөлінген. Осынша қаржының тиімділігі қандай деген сұрақ туындайды», — деді мәжілісмен.

Кәрібай Мұсырман БАҚ-та ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді, қазақстандық қоғамда қалыптасқан адамгершілік принциптерін қатаң қадағалау керектігін атап өтті.»Қажеттігіне қарай, қолданыстағы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылсын», — деді ол.

 

[:]