АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мәжіліс жаңа мәдениет және спорт министрінің кандидутарасын мақұлдады[:]

[:kz]

Мәжіліс  мәдениет және спорт министрі қызметіне Ақтоты Райымқұлованың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. 

Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшелері Ақтоты Райымқұловаға бірқатар сұрақтар қойды. 

«Мәжіліс Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша «Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес, премьер-министрі ұсынған Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованың кандидатурасы мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды», — делінеді хабарламада. 

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.

[:]