АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мәжіліске үш партия өтті[:]

[:kz]

 

 

«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты Exit poll нәтижесін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Qazaqstan» Ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанның «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты Қазақстанда өткен Парламент мәжілісі және мәслихаттар сайлауы бойынша сауалнама қорытындысын жариялады. Институт сауалнаманың қателігі — 2% шамасында дейді.

Exit poll қорытындыға сүйенсек, Nur Otan партиясы — 71,97%, AqJol партиясы — 10,18%, Adal партиясы — 3,7%, Ауыл партиясы — 5,75%, Қазақстанның халық партиясы сайлаушылардың 9,3% дауысын жинаған.

«Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова хабарлағандай, институт қызметкерлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама жүргізген. Сауалнамаға шамамен 24 мың адам қатысқан.

«Сауалнамаға қатысқан азаматтарға бір сұрақ — «Қазақстан Республикасы Парламенттік сайлауында қай партияға даусы бердіңіз?» сұрақ қойдық. Exit poll-дың нәтижелері. Сайлаушылардың 9,3% Қазақстанның халық партиясына, 71,97% Nur Otan партиясына, 5,75% Ауыл партиясына, 10,18% AqJol партиясына, 3,7% Adal партиясына дауыс бергендерін айтқан», — деп хабарлады Айнүр Мәжітова.

Естеріңізге сала кетейік, осы партиялар барлығы 312 адамды Мәжіліс депутаттығына үміткер ретінде ұсынып отыр. Оның ішінде Ауыл – 19, Nur Otan– 126, Аdal– 16, AqJol – 38, Қазақстан халық партиясы 113 адамды үміткер еткен.

«Адырна» ұлттық порталы

[:]