АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мәжілістің жетінші шақырылымының депутаты Назарбаева немен айналыспақ?[:]

[:kz]

 

 

Сондай-ақ, Альбер Рау төрағалық ететін комитет құрамына Самат Ақышев, Ғалым Әмреев, Сырым Ертаев, Ғазиза Құлахметова, Самат Мұсабаев, Ерлік Өмірғали, Әмірхан Рахымжанов, Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Әбілфас Хамедов сынды депутаттар енді.

Мәжілістің жетінші шақырылымының депутаты Дариға Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына кірді. Бұл комитетті депутат Альберт Рау басқарады. Комитет құрамына 14 депутат кірді. Олардың арасында «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Nur Otan фракциясының өкілі Дариға Назарбаева және ҚХП атынан сайланған депутат Жамбыл Ахметбеков бар.

Сондай-ақ, Альбер Рау төрағалық ететін комитет құрамына Самат Ақышев, Ғалым Әмреев, Сырым Ертаев, Ғазиза Құлахметова, Самат Мұсабаев, Ерлік Өмірғали, Әмірхан Рахымжанов, Әлия Сапарова, Екатерина Смышляева, Әбілфас Хамедов сынды депутаттар енді.

Еске сала кетейік, бүгін Мәжілістегі 7 комитеттің төрағасы болып мына депутаттар сайланды:

  • Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы – Ерлан Барлыбаев («Ақ жол» партиясы);
  • Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы – Жәмила Нұрманбетова;
  • Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы – Қанат Мусин;
  • Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Марат Құсайынов;
  • Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы — Айгүл Құспан;
  • Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы – Александр Милютин (Қазақстан Халық партиясынан);
  • Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің төрағасы Альберт Рау болып тағайындалды.

[:]