[:kz]
Отандық танымал әнші Медеу Арынбаев артынан еріп келе жатқан өнердегі інілері Төреғали Төреәлі мен Қайрат Нұртас туралы бар ойын ортаға салды. Эстрада жұлдызы олардың біреуіне даусын демалдыру керек екенін айтса, енді бірін мүлдем әнші ретінде есептемейтін болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ «Уақыт Көрсетеді» бағдарламасына сілтеме жасап.
Медеу Арынбаев бүгінгі күннің хитмендері жайлы ел күтпеген мәлімдеме жасап, елді таңғалдырды. Оған қоса, әнші оларға өзінің ағалық кеңесін берді.
«Әнші деп Төреғали бауырымды айта алмаймын. Төреғали тапқыр, дөп түсе қояды. Өзінің даусына келетін, ақындығы бар, сөзімен алып кетеді. Актерлік қасиетімен алып кетеді. Ал оңтүстіктің тумасы өз бауырым Қайрат Нұртасқа қазір даусын қолға алу керек. Аздап демалу керек. Связка деген шаршайды. Даусы шаршаңқырап қалған.
Ол емес. Ол өзі шаршайын деп даусын шаршатып жүрген жоқ. Халық шаршатады. Аздап демалыс алу керек, алты ай болсын сөйлемей, үндемеу керек. Даусын емдету керек. Алдында бір концертте даусы сәл қысылып қалған екен. Халық соны шу қылған» , — деді Арынбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Медеу Арынбаев өз талғамындағы ару қандай болу керектігін айтып берген болатын. Әнші екінші мәрте отбасын құруға дайын.
[:]