АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Медеудегі зорлық оқиғасы: Күдікті сот залында шу шығарды (видео)[:]

[:kz]

Алматыда «Медеу» мұз айдынында бойжеткенді зорлағаны үшін айыпталған азаматқа қатысты сот үкімі шықты. Ер адам үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Фото: видеодан кадр/Silk Road/youtube

Фото: видеодан кадр/Silk Road/youtube

Сот отырысы кеше, 28 маусым күні Медеу ауданында болып өтті.

Сот барысында 1988 жылғы азамат істегенін мойындап, өз әрекеті үшін өкінетінін жеткізді.

Нәтижесінде сот оған үш жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Оған қоса, ол зардап шеккен бойжеткенге 300 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

«Еуразия бірінші арнасының» хабарлауынша, үкімді шығарар алдында сотталушы сот залында шу шығарған. Ер адам өзін дөрекі ұстап, журналистер мен сотқа қатысушыларды балғаттаған. Нәтижесінде, судья оны сот залынан шығарып жіберді.

Зорлықшыдан зардап шеккен алматылық ару сот үкімімен келіспейтінін жеткізді. Ол бұдан да қатаң жаза тағайындалады деп күткен. Оған қоса, ол күдіктінің туыстары өзіне күнде хабарламалар жазып, қауіп төндіріп жүргенін айтты. Бойжеткен құқық қорғау органдарына жүгінген.

«Әзірге апелляцияға берем ба, жоқ па білмеймін» , — деді ол.

Зорлықышының әрекетінен зардап шеккен қыз енді телефон нөмірін ауыстырып, Алматыдан қоныс аудармақ.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

  

[:]