АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Медқызметкерлерді аза тұту күнінде далаға шығарды: Видео қазақстандықтардың наразылығын туғызды[:]

[:kz]

Желіде таралып, қызу талқыланып жатқан медқызметкерлерден құралған флешмоб акциясының видеосы халық наразылығын тудырды. Іc-шараға қатысты Шымкент қаласының әкімдігі мұны денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ұйымдастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Әлеуметтік желіде видеосы тарап жүрген ақ халаттылардың қатысуымен өткен іс-шара Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ұйымдастырылмағанын ресми түрде мәлімдейміз. Бейне-роликтегі туберкулез диспансері Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекеме болып табылады», -деді қала әкімігінде.


«Шымкентте облыстық туберкулез диспансерінің бас дәрігері қажетсіз бастама көрсетіп, аурухананың барлық ұжымын (дәрігерлер, медбикелер) далаға шығарды. Мұндай қиын уақытта дәрігерлерді тікелей міндеттерінен айыру — қылмыстық заң бұзушылық деп санаймын. Істі қарастырғаннан кейін ол жауапкершілікке тартылады», — деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.

Бұған қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы дәрігерлерді мазақ етті деп пікірін білдірді.

«Оңтүстіктің (Шымкенттің) 40-45° ыстығында дәрігерлерді көгенделген қой құсатып апарып, шыжыған күннің астында тұрғызып қоюын — өлген халыққа бұ биліктің «контрольный выстрел» жасағанмен бірдей қабылдадым», — деді ол Facebook-тегі парақшасында.

Оның сөзінше, дәрігерлер жетіспей жатқан уақытта әр секунд бір ғұмырға тартып тұр. Осыған дәрігерлердің бір сағат уақыты кетті.  Бұл кісілер биліктің бұйрығымен мына жақта көше бойлап тұрғанда, ана жақта ауруханада қанша адам ауа жетпей тұншығып, дәрі жетпей қиналып жатыр екен, дейді ол.

«Бұл не фарс?!! Бүгін бұл масқараны кім ұйымдастырды? Шымкент флэш-моб в память о погибших от ковида!!! Бүгін-ертең коронавирус құрбандарының қара тізіміне енгендердің жанды қабырғасы! Дәрігерлерді қашан құрметтей бастайды?!!! Адамдарды қашан құрметтей бастайды?!!! БІЗ ӨЗІМІЗДІ ҚҰРМЕТТЕЙ БАСТАЙМЫЗ?!!!»флешмобтың бейнежазбасын жариялаған журналист Зәуре Мирзаходжаева ашуланды.

«Что за фарс устроили?!! Кто сегодня устроил это позорище!!!! Шымкентский флэш-моб в память о погибших от ковида!!! Живая стена из тех, кто сегодня-завтра может оказаться в черном списке жертв коронавируса! Когда начнут уважать врачей?!!! Когда начнут уважать людей?!!! КОГДА МЫ САМИ СЕБЯ НАЧНЕМ УВАЖАТЬ?!!!», — возмутилась журналист Зауре Мирзаходжаева, опубликовавшая видеозапись флешмоба.

Айта кетсек, 

Еске салсақ, 13 шілде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен коронавирус індетінен көз жұмғандарды еске алу мақсатындағы аза тұту күні болып жарияланған.

[:]