АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]MEGA Alma-Ata сауда орталығында белгісіз ер адам әжетханада кішкентай қыздарға тиіскен[:]

[:kz]

MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз ер адам әжетхана бөлмесінде кішкентай қыздарға тиіскен. Сауда орталығының әкімшілігі оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Құрметті келушілер, көпшілігіңіз MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз азаматтың әжетханада кішкентай қыздарға тиіскені туралы хабарлама алған боларсыздар. Әйелдер әжетханасындағы кабинкаға екі қыздың артынан ер адамның кіріп кеткені — шындық. Бір бүлдіршін қашып кетіп, анасын көмекке шақырған. Әйел адам сауда орталығының күзет қызметіне жүгінді» , — деп жазылған орталықтың ресми Instagram парақшасында.

Оған қоса, хабарламада күдіктіні орталықтың күзет қызметі тұтқындап, құқық қорғау органдарына табыстағаны айтылды. Қазіргі таңда, күдікті қамауда отыр. Кішкентай қыздардың ата-анасы полицияға арыз жазды. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.

«Баршаларыңызға күдікті адамдарды байқап қалсаңыздар дереу түрде күзет қызметіне немесе орталықтың кез келген өкіліне хабар берулеріңізді сұраймыз» , — деп жазды сауда орталығының өкілдері. 

KAZ.NUR.KZ.

 

[:]