[:kz]
Жұлдызды жекпе-жек» жобасының қатысушысы «Алашұлы» тобының әншісі Мақсат Рахмет төңірегінде дау туды
Желіде әнші Мақсат Рахмет жобада жеңіске жету үшін Мейрамбек Бесбаевқа жиырма мың доллар берді деген ақпарат тарады. Бұған әнші өзінің Instagram парақшасында жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жұрт танымал әнші жоба жетекшісіне қомақты қаржы беріп, ақтық сынға жетуді көздейді деген пікірлерін жазған. Олар Мақсатты кімнің қолдап отырғанына байланысты да болжам жасапты.
«Әділетсіз болды!», «Жұлдызды жекпе-жек емес, жұлдызды жемқорлық болды», «Бұл жерде мафия бар», «Мақсаттың негізгі қолдаушысы – Мамасәріпова», «Жұлдызды жекпе-жекке жарық, дыбыс пен лэдті «А+» продюсерлік компаниясы (Алашұлының шаңырағы ғой) қойған екен», «Демек, Мақсат Мейрамбек ағаға 20.000 доллар берген (финалға шығарып беріңізші деп)», «Ақшаң болса болды, тақпақ айтып та өтіп кетеді екенсің…» — деп жазады желі пайдаланушылары.
«Ал, барлығына жауап жазғым кеп отыр… Жылтыңдап, қайта-қайта жазғанша, бір-ақ рет жазайын! Күлкі күнінде адамның күлкісін келтіретін тағы қандай жалаларыңыз бар? Ескертемін! Өтірік жала жабу жақсы нәрсе емес..», — дейді «Алашұлы» әншісі өз жазбасында.
Айта кетсек, «Жұлдызды жекпе жек» — әр сенбі сайын отандық телеарналардың бірінде шығатын бағдарлама. Онда еліміздің эстрада жұлдыздары өзара бақ сынасады. Басты ереже – әншілер тек табиғи дауыспен ән шырқауы кере
[:]