[:kz]
Баян Алагөзова мен Мейрамбек Бесбаевтың пікірі бір арнада тоғыса алмады. Қазіргі кино туындыларды арзан өнімге балаған әншіге продюсердің жауабы дайын
Бұл туралы Paparazzi бағдарламасындай айтылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Қазақ эстрадасының королі Мейрамбек Бесбаев қазіргі шоу-бизнеске көңілі толмайды. Бірі балағаттап ән айтса, бірі кеудесін ашып танылады дейді. Кино фильмдерді сүйісуден басталған кадрлар жақында одан да ұятты кадрларға ауысады деп топшылады.
«Қазір шектеу жоқ. Тыйым жоқ. Мәддениет министрлігі қайда қарап отыр, Қазақфильм қайда қарап отыр, соны түсінбеймін. Бірі балағаттап ән айтады. Бірі төсін ашып, жалтырап жүреді. Біреуі кинода сүйісіп жатады. Қазір шығып жатқандар бір-ақ күндік ғұмыры қысқа кинолар. Ақша үшін түсіріліп жатыр. Жауапкершелік жоқ. Ақша алса болды», — деді Мейрамбек.
Осылай деген Бесбаев өнерде жүрген жастар мен оған жауапты саланы сынға алды.
Ал продюсер, бірнеше кино түсіріп үлгерген Баян Мақсатқызы бұл пікірмен келіспейді. Мейрамбек өзі жөнімен жүрсін деп меңзеді.
«Мейрамбек Бесбаев кино продюсер емес. Сондықтан біреудің нанына таласпасын. Оны сын айтуға хақысы жоқ. Мен олар мынадай ән айтсын, мынадай ән айтпасын деп жатқан жоқпын ғой. Мен әнші емеспін. Сол сияқты. Адамдар комедияны сұрап жатқандықтан біз комедия түсіреміз. Мейрамбек әнші. Бұл салада мынау жақсы, мынау жаман деп айта алмайды. Сондықтан біреудің нанына таласпасын», — деді Алагөзова.
Бір кездері Мейрамбек дәл осы Алагөзованың «Ғашық жүрек» фильміне түскені белгілі. Бұл фильм ғұмыры ұзақ кино тізіміне жата ма? Желі қолданушылары өз пікірін айтты.
«Мейрамбек Алагөзованың фильмінде бас рөлді сомдап еді ғой, ол үшін қомақты ақша алған шығар», «Алагөзованың өзі де кинопродюсер емес, не айтып тұр Мейрамбекке», «Баянның киносын қалай көреді, біркүндік фильмдер», «Расында біреудің нанына таласып не керек? Қолынан келсе өзі жасасын», «Баянның киносында бір кәсібилік жоқ. Мейрамбек соны айтып тұр. Тәлімі жоқ. Кино деп айтуға келмейді. Сынды Мейрамбек айтпаса, енді кім айтады? Мейрамбек кино продюсер болмаса да нағыз лайық адам», «Кино түсіру бұлар үшін бизнеске айналған», — деді желідегілер.
[:]