АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Мейрамбек, ұялсаңшы…». Желіде біреу Беспаевты жерге қаратты[:]

[:kz]

Үлкен жасқа келген жігіт ағасы екен. Мейрамбектің көліктен түсе сала билей жөнелген видеосын көріп, қыжылын жазып тастапты:

«Бүгінгі билеген видеоңды көріп қайран қалдық. Бұл есерсоқтық емей немене?

Бала кезіңнен ел-жұрттың, қазақтың көз алдында өскен бала едің. Термелеріңнен, қоңыр дауысыңнан қазақшылықтің иісі төгіліп тұрушы еді…

Сен халықтың сөзін сөйлейтін, ел ағасы болатын жасқа келдің! Халық қазір сендей адамнан ұлтының қамын ойлайтын істер, мағыналы сөздер күтеді!

Халық қазір әбден қажыған. Тозған. Рухани тозғанын көрмеймісің?

Халықтың бар көретіні сахнадағы секеңдеген сайқымазақ әншілер екенін білмеймісің? Сенің, халықтың сүйікті Мейрамбегінің де соларға еліктеп, секеңдеп билегенің жараспайды-ау.

Доллар анау, сағат сайын өсіп жатқан, қазақтың күйі мынау, күн санап қиындаған… Соны неге сөз етпейсің, одан ша…

Аузыңа ел қарайды. Жастар жағы Мейрамбекті аға деп үлгі тұтқысы келеді. Халықты арзан күлкі, жеңіл-желпі ойын-сауықпен алдарқатуға қой деп айтудың орнына, өзің де секеңдеп әлі жүрсің…»

365 info. kz

[:]