АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мектеп директорларын «қамшылау» керек»: Вакцина алуды мектептерде мәжбүрлеп жатқаны рас па? (ВИДЕО) [:]

[:kz]

Әлеуметтік желіде тараған мектеттердегі вакцинация туралы әлдебір видео халық арасында үлкен дауға айналды.

Аталған видеоны танымал әнші Алтынай Жорабаева өз парақшасына жүктеді. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Видеода әлдебір адамдардың онлайн жиналыс өткізіп, вакцинациялау мәселесін талқылап жатқаны көрінеді. Онда мынадай сөздер анық естіледі.

«84 мектеп. 94 мектеп. 100 адам салу керек. 4-уі ғана келді. 99-шы, 119-шы мектеп. Осылар өте нашар. Келмей жатыр» ,делінген видеода. 

«Мектеп директорларын күнде қамшылап отырыңыз. Күнде есеп алып, білім басқармасына айтып отырыңыз. Мен қазір айтамын. 7-ші емханаға хабарласып, ертеңнен бастап салыңыздар деп», делінді онлайн жиында. 

«Қандай мемлекет болдық? «Мәжбүрленбейді» дегендері қайда? Кімге статистика көрсету үшін есеп беруде?», деп жазды Алтынай Жорабаева әлгі видеоға байланысты.

 

Вакцина салдыру ерікті түрде деген бос сөз болғаны ма?
Біздің биліктің сөзіне сенуге болмайтын сияқты.
«Мектеп директорларын «қамшылау» керек» деген не масқара?
Қайдасыңдар, батыр қазақтың ерлері мен қыздары? Елдің көз-жасына қалудан қорқатын басшы қалмаған ба? Мекеме басшылары! Әр түрлі деңгейдегі әкім-қара, шенеунік, директор, ректор, т.б қызметтегі азаматтар!
Алланың алдында қол астыларыңдағы әр адамның хақынан сұраласыңдар!

Вакцина алдым деп жаһанға жар салған желідегі жарнамашылар! Не үшін? Ешкім қыстамаса, өтінбесе, сұрамаса, талап етпесе, белгісіз екпені не үшін, кім үшін насихаттап жатырсыңдар? Рамазан айы ғой. Өтірік ақталмаңдар! Алла жүректеріңдегі сырды біледі. Көбің кресло үшін, басшыға жағу үшін салдырдыңдар! Денсаулық үшін емес! Бәріңнің жүректеріңде күмән бар! Көбің тәуекелге бардыңдар.

Өзіңнің артың шыдамады, мақұл. Енді басқаларды зорламасаңдаршы!!!
Маған дайректке жазып жатқандар жетеді. «Амал жоқ, жоғарының бұйрығымен, қоқан-лоққысымен салдыруға мәжбүрміз» дейді.
Өз еркімен салдырғандарға қарсы айтарым жоқ.
Бірақ, олардың саны аз ғой. Көбі амалсыз салдыруда.

Мен екпеге қарсымын! Бүгін «халық жауы» қылсаңдар да осы пікірде қалам. Қайда менің Ата Заңыммен кепілдік берілген құқығым?
Мен, сондай-ақ, ЛГБТ-ның насихатына, жеріміздің талан-таражға түсуіне, отбасымның тәрбиесіне қол сұғылуына, діни сенім бостандығыма қол сұғылуына, ұлттық сал-дәстүрімді «ескілік, жабайылық» саналуына, Ана тілімнің тұқыртылуына қарсымын!!!
Бас санитардың шешімі, Денсаулық министрлігінің бұйрығы — Ата заңымдағы құқығымнан жоғары емес! ,- деп жазды Алтынай Жорабаева. 

 

 

[:]