АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мектеп директоры туған ұлын бірнеше жыл бойы зорлап келген деп айыпталуды[:]

[:kz]

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында 35 жастағы мектеп директорына туған ұлын бірнеше жыл бойы зорлап келген деген айып тағылды деп хабарлайды time.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

 

Тергеу жұмыстары бойынша, директор бірнеше жыл бойы туған ұлын зорлап келген. Бұл сорақылық туралы оның жұбайы тәртіп сақшыларына айтып берді.

 

Алматы облысы полицейлерінің айтуынша, арыз түсірген әйел өз күйеуінің баласына істеген әрекеті жайында білмеген. Бұл туралы оған ауруханадағы дәрігерлер айтқан көрінеді.

 

Үлкен дәретін жіберіп қоя беретін ұлын дәрігерге апарғанда, әйел жантүршігерлік жайт туралы естіп жағасын ұстаған. Ол күйеуіне бұл жайтты айту үшін барғанда, ол әйелді аяусыз соққыға жыққан.

 

35 жастағы директор өз қызметінен 31 шілде күні кеткен. Ол өз еркінен жұмыстан кету туралы арыз жазған.

 

 

Басылымның жазуынша, қазір бала сот-медициналық сараптамадан өтуде. Оның қорытындысы бойынша оның зорланған-зорланбағаны белгілі болмақ. 

alashainasy.kz

[:]