АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Мектеп формасының орнына ақша береді[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл жайында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz  ге сілтеме жасаған  altyn-orda.kz

Оның сөзінше, «Жалпыға міндетті білім беру» қорының аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізуге бастамашы болған.

«Жалпыға бірдей білім беру» қоры халықтың әлеуметтік осал топтарына киім-кешек, аяқ киім, оқу құралдарымен қамтамасыз ету арқылы көмек көрсетеді. Енді бұл көмекті ақшаға айналдырып, ата-ананың шотына аудару ұсынылып отыр. Яғни ата-аналар балаларын мектепке дайындау үшін ең қажетті заттарды өздері сатып ала алады. Мұндай шешімді қолдағандар да, оған қарсы шыққандар да көп екенін жасырмаймын. Біз әлеуметтік қызметтер порталының іске қосылғанын бірнеше жыл күттік. Бұл жүйе арқылы қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауға болады. Сондай-ақ ата-аналар осы маркетплейстен балаға қажетті заттарды ғана сатып алып, оны электронды ақшамен төлей алады. Одан бөлек, біз транзакцияларды бақылауда ұстай аламыз» деді министр.

Министр, ісіне адал емес басшылардың көмекке мұқтаж жандарға өлшемі үлкен немесе кіші, одан қалса сапасы нашар киім-кешек сатып алып берген жағдайлар кездескенін жоққа шығармады.

[:]