АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мектеп – қазақша оқытатын, сауатты жазуды үйрететін орта болуы керек![:]

[:kz]

 

 

 

 

Сағадиев мырза бүгін президентпен кездесіп, мектепте ағылшын тілін қалай үйреткелі жатқанын айтыпты. Ағылшын тілін жоғарғы сыныптар ғана оқиды екен. Меніңше, мектеп деген жалпы білім беретін, оқушыны сауатты қылып шығаратын орта ғана болуы керек те, шет тілін оқытуды жоғарғы оқу орындарының еншісіне қалдыру керек. Өйткені оқушыда тіл үйренемін деген ниет болмайды. Тіл үйренуге ниеті барлар кейін өзі университетке барып түседі де, сонда үйренеді. Мектептегі білімі бәрібір ұмытылып қалады. Ағылшын тілін үйрету – соған маманданған жоғарғы оқу орындары мен шет тілдерін (халықаралық қатынастарды) оқытатын университеттердің жұмысы болуы тиіс. Тіл білетін кәсіби маман даярлап шығатын да солар. Ал мектептен ешқашан кәсіби маман шықпайды. Мектеп – қазақша оқытатын, сауатты жазуды үйрететін орта болуы керек!

Жолымбет Мәкіш

Фейсбук паракшасынан алынды

 

 

[:]