АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мектепте оқушы қызды тірідей өртеп жіберді[:]

[:kz]

Бангладеш мектептерінің бірінде оқушы қызды тірідей жағып жіберген. Нусрат Джахан Рафидің үстіне керосин құйып, өртеген. Осы оқиғаға дейін екі апта бұрын оқушы қыз мектеп директоры жыныстық қысым көрсетті деп шағым жасаған деп жазады reactor ға сілтеме жасаған Алаш Айнасы 

Полицияның хабарлауынша мектеп директоры Сирадж Доула өзі түрмеде отырған кезде қызды өлтіруге бұйрық берген.
Бұл оқиға Бангладеште жаппай наразылық тудырды.
Оқушы қыз наурыз айының соңында директордың үстінен полицияға арыз жазған. Директор тұтқындалған. 6 сәуірде оқушы емтихан тапсыру үшін мектепке келген. Оқушы қыздардың бірі құрбыларын шатырда ұрып жатқанын айтып, оны шатырға алып шыққан. Нусрат шатырға келгенде бес алты адам қоршап алып, директорға қарсы берген арызын қайтып алуды талап еткен. Нусрат бас тартқанда олар оны өртеп жіберген.

Полиция кісі өліміне қатысты 16 адамға айып тақты. Олардың арасында медресе оқушылары мен жергілікті «Авами Лига» билік партиясының екі саясаткері бар.

Тергеушілер күдіктілердің бәріне өлім жазасын сұрап отыр. Директордың өзі сотта кісі өлтіруге тапсырыс бергенін мойындады.
Нусраттың өлімінен кейін Бангладештің премьер-министрі Шейх Хасина барлық кінәлілердің жауапкершілікке тартылатынын айтып, уәде берді.  

 

Алаш Айнасы 

[:]