[:kz]
Халықтың төзімі таусылды!
Қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек халықты Мемлекет басшысының тіл туралы айтқан пікірлерін қолдауға шақырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ауыт Мұқибек Facebook-парақшасына мемлекеттік тілді құрметтеуге қатысты жазба қалдырды. Оның ойынша, мемлекеттік тілде сөйлеуді билік басындағылар, алдымен, өздерінен және іс қағаздардан бастау керек.
«Туындап жатқан кикілжің, өкпе, реніштің ең басты бір себебі мемлекеттік тілді құрметтемеуден, қазақ тілін білетіндердің өзі Ресей тілін қолдана жөнелетінінен екені жасырын емес.
Міне, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол мәселені шешу үшін ашық және нақты тапсырма берді.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы өзге ұлыстар мен этностарды Қазақ ұлтын өзек ете отырып біртұстастандару керек екенін де айтты.
Ендеше басқа жол жоқ! Себеп-сылтауыңды қойып, барлық мекемелер мен кәсіпорындар көктемнің бірінші жұмыс күнінен бастап, жұмысты тек қана қазақ тілінде жүргізуі керек!
Мемлекеттік тілді білмейтін басшылар өз қаражатына маман жалдап үйренсін, болмаса орнын босатсын!
Халықтың төзімі таусылды!
Егер ел тұтқасын ұстаған тұлғалар мемлекет және оның тыныштығы керек дейді екен, тек қана қазақ тілінде сөйлесін!», — деп ашынды ол.
[:]