[:kz]
Мен өзім жарты сағат бұрын сөйлестім, Керекудегі ұлт мүддесін қорғап жүрген қазақтың жалғыз қызы ыздан жарыла жаздап тұр! Өз елінде, өзінің Мемлекеттік тілін қорғағаны үшін қолдау емес, қорлық көргені үшін қазақ қызы Керекудің қақ ортасында ерлердің ешқайсысында жоқ күшпен трамвай тоқтатып, жылап тұр!
Руза қаладағы 7 трамвай кондукторына «Қазақ тілінде неге xабарламайсыз» деп, мемлекеттік тіл мүддесін – мемлекет мүддесін қорғағаны үшін кондуктордан «Қазақ тілі неге керек»-деген нешетүрлі қорлау, жала сөз есітіп, қазір трамвайды тоқтатып тұр !. Полиция шақырылған, келіп алып кетпекші! Негізі, мемлекеттік тілді қорғаған адамды сотай бермейді, Алғыс, марапатқа ұсыну керек! Ал мемлекеттік мүддені қорғаған ел патриотын «Националистка» деп, жала жапқаны үшін трамвай жүргізушісін, мемлекеттік мүддені қорғаған адамды қорғаудың орнына оған қарсы қарекет жасағаны үшін полиция, әкімшлік қызметкерлерін сотқа тарту керек!
Мемлекеттік тілді қорғауы тиіс облыс, қала әкімдері Бақауов, Әшімбаевтар бастаған басшылар қорғай алмағасын, қорғау, қолдау ойында да болмағасын, жалғыз өзі Мемлекеттік мүддені қорғауға шыққан Керекулік батыр қыз Рузаны қолдайық!
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН қыспақта қалған Керекулік батыр қыз Рузаға АРАША ТҮСЕЙІК!
Бұлай кете берсе, бүкіл қазақтың зиялы қауымы Павлодар облысы әкімшілігіне барып, Елбасының «Рухани жаңғыруының» мәнін ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРІП, «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕМЛЕКЕТТІК МҮДДЕ» атты ашық сабақ -алқалы жиын өткізуіміз керек-ау!
Байланыс телефоны, +7 701 182 62 65, +7 (707) 603-45-52 Павлодардағы Руза Бейсенбайтегіне xабарласып, көмек көрсетіңіздер.
Қазыбек ИСА
ҚАДІР ТҮНІ ҚАДІРІҢ АРТА БЕРСІН!
Тіл қайраткері Руза Бейсенбайтегіне
Руза қыз туылған қазақ үшін,
Айқасуда, аз емес азабы шын…
Бишікешті орысқұл билетеді,
Арнап тілге білім мен таза күшін!
Күресуде Руза Қазақ үшін!
Жігерің бар барлығын жеңетұғын,
Қабыл болсын Қадыр түн көп өтінім.
Оразаға туған күн тура келді,
Ширек ғасыр сайын бір келетұғын!..
Керекудің керемет бір қызысың,
Оңға бассын деп тілеп жүрміз ісің.
Атын жазып қойсақ та Атазаңға,
Аталмайтын тілімнің жұлдызысың!..
Шенеунікпен жүреді алысып әр,
«Сотқар» қызды соттардың бәрі сынар…
Ұлттық мүдде жолында ұлық түгіл,
Трамвайды тоқтатқан намысы бар!..
Ұлт жолында дамылсыз дара күшің,
Жүрсің тілдің қайтарып бар ақысын.
Әкімдерің алады ұялмай-ақ,
Сен істеген істердің жалақысын…
Ел мен тілдің намысы – бір мағына!
Аман-есен еліңнің жүр бағына.
Лайықсың Руза жырға мына-
Тілді қорғау орнына қорлап жүрген,
Министрлер тұрмайды тырнағыңа!..
Тазкепешін биліктің тар көрерсің!
Тарландықпен тауға да тарта бер шын!
Қадір түні қадірлім мерейлі боп,
Қазақ үшін қадірің арта берсін!
Қазыбек ИСА
qazaquni.kz
[:]