АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Мемлекеттік туды қап ретінде пайдаланғандардың әрекеті қазақстандықтардың шамына тиді (видео)[:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде мемлекеттік туды қап ретінде пайдаланғандардың видеосы қазақстандықтардың ашуына тиді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде таралған видеода әлдекімдердің мемлекеттік туды қап ретінде пайдаланғаны анық көрінеді. Видео авторының мәліметінше, оқиға Алматы қаласы Жетісу ауданындағы Бөкейханов көшесінде орын алған. Сенбілікке қатысушылар қап таба алмағандықтан оның орнына мемлекеттік туда пайдаланған көрінеді. 

Еске салсақ, бұған дейін «Ирина Кайратовна» тобының мүшелері мен көпшілік Shiza деп танитын Асхат Жолшиев Алматыдағы концерт кезінде ұятқа қалған болатын.  Өнерпаздар мемлекеттік туды қорлады деп айыпталған болатын. 

[:]