АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Мен әлі жаспын, тұрмысқа шығуға дайынмын»: Қарагөз Тілеубекова күйеуге шығуға үміттеніп жүр[:]

[:kz]

Әнші, актриса Қарагөз Тілеубекова болашақта жақсы жар жолықтыратынына сенімді. Айтуынша, ол жаман еркекті төрге сүйрейтін жақсы әйелдердің қатарынан екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Менің өмірім» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Күйеуге шықпағанмын. Балам да жоқ. Алла тағалам маған бұйырып, аузында Алласы бар, иманы бар жігіт болса, неге шықпасқа? Әп-әдемі түрім бар, ақылым бар. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Біреуге ерте, біреуге кеш береді. Бірақ боалшақта үміттемін. «Жақсы әйел, жаман еркекті төрге сүйрейді» дейді. Сол әңгіме маған айтылған», –дейді Қарагөз Тілеубекова.

Осынша жасқа дейін жігітсіз өмір сүріп келген, осыдан кейін де жүре беремін дейді Қарагөз Тілеубекова. Алайда, актриса біреудің маңдайына бақ болып қонатын әйел екенін айтады.

[:]