[:kz]
Сейфуллин Жолбарыс өмірінде орын алған келеңсіз оқиғаларды есіне алғысы келмейді. Өткен жазда ішімдікке тойып алып дүкенде шу шығарған әнші алғаш рет сөз қозғады. |
Бұл туралы Caravan.kz порталы «Опмай-опмай» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Естеріңізге салсақ, былтыр жазда әнші дүкен сатушысымен жанжал шығарған болатын. Ол видео әлеуметтік желіде бірден тарап оқырманның сынына іліккен болатын. Сейфуллин мырза бұл оқиға туралы былай дейді:
«Негізі ол кәдімгі күнделікті өмірде болатын келіспеушіліктер ғой. Мен енді белгілі азаматпын ғой, сол үшін оны видеоға түсіріп алды да желіге сала салды біреу. Яғни пайдаланды, әйтпесе күнделікті болатын қалыпты жағдай ғой. Кім дүкеншімен ұрыспай жатыр, кімде келіспеушілік болмай жатыр. Сосын айта кететін нәрсе неге халықтан кешрім сұрамайсыз дейді.
Мен неге халықтан кешірім сұрауым керек, кешірім сұрамаймын. өйткені ол менің жеке өмірім. Егер мен солай сахнада біреуді қуып жүрсем міне мен сол кезде халықтан кешірім сұрайтын едім. бұл менің жеке өмірім оны біреу алды да түсіріп алып таратып жіберді.
Бірақ сол видеоның арқасында мен жаңа жылдық әдемі бір киноға түстім.Сондықтан ол видеоға да рахмет айтамын. Сол видеоны көріп бір режисер мені киноға шақырды басты рөлдердің бірі екен. Сондай жақсы тұстары да болып жатыр енді.
Дүкеншінің маған, менің оған ешқандай өкпем жоқ. Сондай бір келеңсіз кезең болды. Сотқа дейін барды ол жағдай, бірақ екі жақтың келісімімен іс жабылды.»
[:]