[:kz]
Отандық белгілі кәсіпкер Серік Мәмреев Гаухар Әлімбековадан өз ақшасын қайтара алмай жүргенін айтып, желіні шулатты. Әншінің концертін ұйымдастырмақ болған азамат оған гонорарының жартысын беріп жатқан сәтіне куә болған адамдар бар екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Танымал кәсіпкер Instagram парақшасында Гаухар Әлімбековаға қатысты тағы бір жазбасымен бөлісті. Ол өнер иесі қол қойған кассалық құжаттың суретін жариялаған.
«Мен ешкімге жала жауып отырған жоқпын! Ақшаны берген кезде, қол қойған кезде қасымда кісілер болды. Куәгерлер бар. Мен тек қана өзімнің еңбек теріммен тапқан ақшамды сұрап отырмын! Концерт билеті сатылмағанын Гаухар ханым өзі де біледі. Мен ол кісіден «ақшамды қайтарасыз ба?» дегенде ия деп айтып, кейін «мен бермеймін ақшаны» деп айқайлап берді. Сосын карантин басталды. Мен беретін шығар деп күттім. Оразадан кейін хабарласайын десем, мені барлық жерде бұғаттап тастады. Мен парақшама салуға мәжбүр болдым.» , — деп жазды ол.
[:]