[:kz]
Ғарышкер Тоқтар Әубәкіровке браконьерлік жасады деген айып тағылды. Кәсіпкер Батыр Сейкенов әлеуметтік желіде әйгілі ғарышкердің аң аулағаны туралы жазды. Оқиғаны Әубәкіровтың өзі түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арансына сілтеме жасап.
Тыйым салынған аумақта аң аулады деп айыпталған ғарышкер аңшылық алқаптардың иесі Сейкеновке қоңырау шалып, көңіл көтергісі келетінін айтқан.
Алайда кәсіпкер Әубәкіровтың бұл ұсынысына келіспепті. Сәйкеновтың сөзінше, ғарышкер басқа қорыққа кеткен.
«Тоқтар Әубәкіров пен оның серіктесі «Алтын дала» қорығының аумағында аң аулайтыны белгілі болды. Ол ғарышкер болғандықтан, өзіне аң аулауға, браконьерлікке рұқсат беріледі деп ойлады. Оның үстіне, ол премьер-министрден бүкіл елдің аумағында аң аулауға құқық беретін жеке рұқсаты бар екенін мәлімдеді», — дейді Батыр Сейкенов.
Әубәкіров барлық айыптарды жоққа шығарады. Алайда ол қорыққа барғанын мойындады. Ұлы екеуі тек көлікпен қорықты аралаған, жандарында қару-жарақ болмаған көрінеді.
«Пандемияға байланысты үнемі үйде отырмын. Мен өте белсенді адаммын. Сондықтан, шыдай алмадым. Ұлымды өзіммен бірге баруға көндіріп, бар болғаны екі күн қорықты араладық. Мен браконьер емеспін», — дейді ұшқыш Тоқтар Әубәкіров.
«Алтын дала» қорығының директоры аймаққа ешкімді кіргізуге рұқсат жоқ екенін және Тоқтар Әубәкіровты көрмегенін жеткізді.
«Мен ешкімді көрмедім. Тоқтар Әубәкіровті де көрмедім. Неге өтірік айтамын? Біз аумаққа ешкімді кіргізбедік. Рұқсат жоқ», — дейді «Алтын дала» қорының директоры Дүйсенғали Айтбаев.
Еске салсақ, осыған дейін заңсыз қасқыр ауламақ болған Тоқтар Әубәкіровтің басы дауға қалғаны туралы жазған болатынбыз.
[:]