[:kz]
Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан алдағы уақытта өз партиясын құруды ойластырып жүр. БАҚ өкілі оның құрамына тек қана әйелдерді ғанан қабылдамақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ
Динара Сәтжан партия құруға қатысты өз пікірін Instagram желісінде жеткізді. Ол бұл тақырып аясында ойланып жүргенін жасырмады.
«Трендтен қалыспас үшін мен де партия құрмақпын. Бастамашыл топта мыңнан астам адам болуы шарт екен. Сол құрам съезге де бару керек. Мен рационалды адаммын. Алдымен дауыс беріп алайық. Менің партияма кімдер келер еді? Бірден айтайын, құрамына тек қана әйелдер кіреді», — деп жазды тележүргізуші.
БАҚ өкілінің жанкүйерлері оған қолдау білдіріп, оның партиясына мүше болғысы келетінін жарыса жазуда. «Динара, біздің қоғам дами түсті. Сен болмасаң да, басқа біреу жасайтыны анық. Бірақ саған сенім көбірек. Мен өмір бойы ешбір партия құрамында болмаппын. Әйелдер партиясына қуана барар едім», «Сіздің партияңызға кіремін», «Динарамен кез келген нәрсеге дайынбыз», «Сізді қолдаймын. Сіздің партияңызға қуана барамын», — деп жазды оқырмандар.
[:]