[:kz]
Әнші Ақбота Сейітмағамбет продюсер Жанна Абуовамен бірге жұмыс істей бастады.
Әнші Ақбота Сейітмағамбет продюсер Жанна Абуовамен бірге жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Today.kz Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Иә, продюсерім болып табылады», — деп растады Ақбота.
Сейітмағамбет Қуандық Рахыммен бірге гастрольдік сапарда жүр. Қос әнші бірге дуэт жазған.
Сұхбат барысында Ақбота көпті қызықтырған жеке өміріне қатысты да пікір білдірді.
«Қазіргі уақытта мен ғана тоқал болып жатқан жоқпын. Біреуге тоқал бол, екінші әйел бол деп айта алмаймын. Бұл – жат қылық, дұрыс емес, әрине. Басқа да адамдардың басынан неше түрлі жағдай өтіп жатыр. Мысалы, бір кісілердің жағдайы жоқ, біреулері зорланған, баласын тастап кеткен, әйелін, баласын немесе күйеуін өлтірген. Бірақ неге менің өмірім қызық болады? Түсінемін, елдің алдында жүрген соң барлығына қызықты не болып жатқаны. Бір кісілердің арқасында бұл бәріне тарап кетті. Бастапқы кезде жеке өмірім ешкімге қызық болмаған. Бір кісілер бүкіл әлемге жайды. Даттағысы келді, қаралағысы келді. Қазір халық сенді. Шындықты білмеген соң қаралағандар болды. Қазір бәрі жақсы», — деді Ақбота Сейітмағамбет.
http://alashainasy.kz/
[:]