[:kz]
Жуырда ғана шаңырақ көтерген тележүргізуші, актер Тәуекел Мүсілім жарымен қалай танысқаны анықталды. Белгілі актердің айтуынша, ол ойындағы аруды жолықтырғаннан кейін отбасын құруға шешім қабылдаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Гакку арнасына сілтеме жасап.
Қарашаның басында Тәуекел Мүсілімнің мешітте бойжеткенмен бірге неке куәлігін ұстап тұрған суреті желіге тарап кеткен еді.
О баста өнер иесі бұл ақпаратқа ешқандай пікір білдірмесе, енді шындықтың бетін ашуға бел буыпты.
Белгілі болғандай, актер жар етіп алған арудың есімі — Махаббат. Олар сәуір айында «барбершоп» жарнамасы кезінде танысыпты. Сол сәтте бірін-бірі ұнатқан көрінеді. Сондай-ақ, Тәуекел Мүсілім сүйіктісінен 7 жасқа үлкен болып шықты.
«Мен іздеген жан. Екеуіміз ұқсаймыз. Ата-анаммен Ыстық көлге демалуға бара жатқанбыз. Мен оны бізбен бірге жүруге шақырдым. Сол жерде анаммен, әпекеммен таныстырдым. Олар батасын берді», — дейді Тәуекел Мүсілім.
Еске сала кетейік, Тәуекел Мүсілімнің өзі шаңырақ көтергені туралы ақпаратты растаған еді. Өнер иесі сүйіктісіне сырға салып, әулетіне келін қылып түсірген.
Айта кетейік, актердің сүйіктісі Қарағанды медицина университетін дәрігер мамандығы бойынша тәмәмдаған. Сондай-ақ ол 2017 жылы «I Vice-miss Karaganda» титулын иеленген.
[:]