АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мен клоун емеспін»: Нұрлан Еспанов ашық сұхбат барысында көз жасына ерік берді[:]

[:kz]

Тыңдарманның көз алдында жайдары мінезімен танылған Нұрлан Еспанов басқа қырынан көрінді. Үнемі әзіл айтып, елді күлдіріп жүретін әнші бұл жолы көз жасына ерік берді. Әнші өмірі мен өнердегі жоспарлары жайлы барынша шынайы сұхбат берді.

Бұл туралы «Талантым-тағдырым» бағдарламасында айтылды.

Әнші өзі қанша хиттің авторы бола тұра өзіне бір хит жаза алмай жүргенін айтты. «Музарт», Нұр-Мұқасан» секілді танымал топтарға да ән жазған сазгер екі бағытты да қатар алып жүр. Ән де айтады, ән де шығарады. Алайда әнге сөз жазбайды.

«Мен Алматыға ауылда жатқанда арманымды шегелеп келген адаммын. Дұрыс армандамаған адамдар ғана, арманынан бас тартып ауылына қайтып жатады. Он адам арман қуып Алматыға келсе, біреуі ғана арманына жетеді. Адам армандай білуі керек. Менде де арман көп», — деді әнші. 

Нұрлан Еспанов көңілді күйінің сахналық образ екенін айтады. 

«Мен сахнада үнемі көңілді боламын, жайдары жүремін, әзілдеп жүремін, көпшіліктің көңілін көтеремін деп өзімді дайындап қойғанмын. Бірақ менің де қайғым бар. Неғыласыңдар менімен бірге уайымдап? Мен ел алдында жайдары жүрсем деген образбен жүремін. Бұл шынайы образ. Маған қызметте ұсыныстар болды. Бірақ мен өнерді тастап кете алмадым. Баяғыда байып кетуіме болатын еді. Бірақ бәрі уақытымен. Өнерден кеткенде бара жатармын. Бірақ өнерден әдемі кету керек. Маған қашан кету керек екенін өзіме байқалады. Белгі беріледі. Нұреке сенің орның жоқ, қазір бәрі заманауи, қазір жастардың уақыты деп белгі келгенде әдемі кете білу керек. Бір сайқымазақ айтқан екен «ең көңілді адам шындығында ең мұңды адам» деп. Маған не істеп жүрсің тұштаңдап дейтіндер де бар. Ұнамаса, тыңдамасын деймін», — деді Еспанов. 

Әншінің арманы «Азия даусы», «Новая волна» секілді жобалар ұйымдастыру. Айтуынша, жаңа және шын таланттарды анықтайтын ауқымды жобалар жасауды жоспарға алып жүр. 

stan.kz

[:]