[:kz]
мемлекеттің басшылары бір-біріне қару, қанжар сыйлап жатады. Қазақтың қаруы – қамшы. Ауылда әлі күнге дейін қамшысыз жүрмейді.
Қысты күні құтырған бура шауып, қасқырға кездесіп қалғанда – қамшымен жасқап, қамшымен-ақ қасқыр соғып алған қарулы жігіттер болған. Ондайды талай рет көрдік те, естіп те өстік.
Елбасының Путинге қамшы сыйлағанынан ешқандай ерсілік көріп тұрған жоқпын. Қазақта қамшыға байланысты айтылатын әңгіме көп. Соғысқа кетіп бара жатқанда қатыны артынан ілесіп жүгірсе, күйеуі оны қамшымен бір тартады екен де, кете береді екен. Егер күйеуі содан қайтып оралмаса, «өлерін біліп, кеуілің суысын деген екенсің ғой», — деп, жоқтау айтыпты жесір қалған келіншегі.
Тарих деген қызық нәрсе. Қырымның ханы Дәулеткерей орыс патшасын жазалау үшін Мәскеуге жорыққа аттанып, Мәскеуді өртеп жібереді де, Иван патша әрең дегенде қашып құтылады. Тұрыстық бере алмай, майдан даласынан қатын құсап қашып кеткен Иванға Дәулеткерей сонда былай деп хат жазып жіберіпті: «Я свой плетка на твой Масква вешал!» — «Мен сенің Мәскеуіңе қамшымды іліп кеттім!»…
Қазіргі тілмен айтқанда, мен саған бірдеме қойдым деген сөз…. Президентіміз басқа нәрсе сыйласа да болатын еді. Бірақ ол — қазақтың президенті. Бұл сөзді, «нагайка» (қамшы) дегеннің не екенін білмейтін орыс жоқ.
Мұны түсіне қойған украиналықтар (орыстардың өзі де) елбасының қолынан қамшы алған Путинді күлкіге айналдырып жатыр. «Назарбаев Путинге қамшы сыйлап: -Тәртіпке салуға көмектеседі!,- деп еді, — Жақсы нәрсе екен!,-деп, Путин оған қатты қуанып кетті» деп жазыпты, Голобуцкий дейтін украиналық саясаттанушы.
Қамшы ұстап түскен суретінде Путиннің бойы біздің президенттен биіктеу болып көрініп қалған. Бойының аласалығына Путин қатты ұялады. Сондықтан фотографтары президентін үнемі өзгелерден бойшаңдау етіп көрсетуге тырысып, әдейі оны осындай ыңғайлы ракурста суретке түсіріп алуға тырысады. Кейде осы қортықтығын білдірмес үшін өкшесі биіктеу аяқ киім киіп алады. Оңтүстік Осетияның президенті Анатолий Бибиловпен кездескенде, Путин тура сондай өкшесі биік төпли киіп келген.
Президентіміздің Путинге қамшы сыйлағанын орыстар өздерінше жорып жатыр екен. Бір мақаланың астындағы комментке біреуі бүй деп: «Біздің тарихымызда хандардан қамшы алып, сонау жердегі Ордадан билігін заңдастырып қайтқан адамдар да болған. Қамшы – биліктің символы.. Қамшы секілді мұндай нәрсені Назарбаев емес, Путин сыйлауы керек еді оған. Путин Ақордаға жәй бармай, жаман ырым жасап, қожайнының қолынан қамшы (кнут) алып қайтқандай болып қалды» жазыпты…
Дипломатияның тілі – тұспалдап айтатын тіл. Президентіміз қамшы сыйлап, қазақ баяғы Мәскеуге қамшысын іліп кеткен ордалықтардың, бір кездері өздерін бағынышты қылып ұстағандардың тұқымы екенін тұспалдап тұрғандай болып көрінді…
Жолымбет Мәкіш
Abai.kz
[:]