АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мен сіздерге 18-дегі қыз емеспін»: Исабекова ашық-шашық киінесің деп сынағандарды орнына қойды[:]

[:kz]

Соңғы уақытта Мақпал Исабекова ашық образдарымен жұрт назарын жиі аударады. Әнші әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерге қарамастан, Instagram парақшасына мұндай образдағы фотоларын салуды жиілеткен. Осы орайда ол өзін сынаған жандарды орнына қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews каналына сілтеме жасап. 

«Сіздер ашық-шашық деп ойлайсыздар. Меніңше, ол әдемі. Сондықтан мен саламын», — дейді әнші. 

Бикештің бұл ойымен оқырмандары келіспейтін тәрізді. Өйткені жақтайтындардан, даттайтындардың пікірі басым. 

«Осы сендердің денелеріңе біреу қызығып қарайды деп ойлайсыңдар ма қалай? Кішкене ұялсаңдар қайтеді?», «Бұлардан Байзақова озып кетті. Енді Мақпал да шешінбесем болмайды деп шешінген түрі ғой. Ал, Мақпалжан, Байзақовамен жарыс. Шешінген судан тайынбас дейді», «Алла сана берсін. Жастықтың жалынымен, ақымақтығымен жасап жатыр дейін десең, ақыл тоқтатқан қыз. Онсыз да естері шығып, желпілдеп жүрген жас қыздар еліктейтіні өкінішті» деп жазды желі қолданушылары. 

«Мен 18 жастағы қыз емеспін, 20 жастағы қыз емеспін, 25-тегі қыз емеспін. Менің жасым 35-те. Не істеп, не қойғаныма толықтай есеп беремін», — деп жауап қайырды жұлдыз. 

Исабекова жеке басына бағытталған керағар жазбалардың бірін де жібермей оқиды. Алайда нәтиже шығаруға келгенде өз таңдауына жүгінеді. Өйткені, бұл образ әншінің жүрек қалауы. 

«Әдемі деген нәрсені әдемі деп мойындау керек. Сондықтан мен осындай суреттер қоямын», — деді Мақпал Исабекова хейтерлерге. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Тұрсынбек Қабатовтың келіншегінің үстінде 4 миллион теңгенің киімі тұрғанын айтып мақтанғаны туралы хабарлаған едік. 

 Stan.kz

[:]