АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мен үшін Ержантай жеңімпаз!»: Димаш «Голос. Дети» байқауында кімнің 1-орынға лайық екенін айтты[:]

[:kz]

Димаш Құдайберген шетелдік байқауда екінші орын алған отандасы Ержан Максимді құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы шетелде өткен «Голос. Дети» байқауының қорытындысына қатысты пікір білдірді. Әншінің айтуынша, бұл байқауда қазақстандық Ержан Максим жеңіске жетуі тиіс болған. 

«Бауырсақ бала, сенің финалда көрсеткен өнеріңді тамашалап шықтым. Қазағымның бағына біткен баласың. Жеңісің құтты болсын, Ержантай! Алар асуларың көп болсын.100 миллионнан астам халықтың арасынан 2-орын алу деген – үлкен жетістік. Бірінші орынды қыз балаға жігіттік танытып бере салғаның да дұрыс болды. Нағыз джентельмен сондай болады! Барлық қатысқан бүлдіршінді құттықтаймын. Бірақ мен үшін Ержантай жеңімпаз!» — деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасына. 

Stan.kz 

 

[:]