АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мен Владиславты орыстілді мәңгүрттердің 1000-нан да жоғары қоямын[:]

[:kz]

Мен Владиславты орыстілді мәңгүрттердің 1000-нан да артық қоямын. Себебі, орыстілді «казах» мәңгүрттер өмірде қазақ тілінің бар екенін де хабары жоқ сияқты. Қазақ қоғамы үшін олар жоққа есеп.

Владиславпен жүзбе жүз екі рет сөйлескенмін. Қазақ тілін оқыту аудиториясын да көргенмін. Владтың қазақ тілін дамытуға қосып жатқан үлесі біздің өзіміздің ортадағы қазақтарымыздан да артық. Фейсбукте қақылдағаннан аса алмаған біз қазақ тілі үшін не істеп отырмыз… Клуб ашып, қазақтың тілін оқытып, насихаттап, тіпті қазақтың өзі білмейтін қазақтың кейбір сөздеріне талдау жасап, қазақтың өзіне үйретіп жүреді. Менің ішім ашитыны, кейбір ноқалайлар Владқа шабуыл жасайды. Олардың өзі тағы қазақ. Сол ноқалайлар Владтың қазақ тіліне сіңіріп жүрген еңбегін сезіне де алмайды, бағалай да алмайды. Қазақтың тіліне үлес қосар болсаң, Владтай үлес қоса біл артқа тартыншақтай бермей. Мен үшін Влад таза қазақ, қазақ тілінің жанашыры!

Жалған патриоттықты доғармай, ісіміз алға баспайды!

 

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы 

[:]