[:kz]
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының тұңғышы Айсәуле Бақытбек тұрмысқа шыққаннан кейінгі өмірі туралы айтты. Дүйім жұртты шулатып той жасаған танымал продюсердің қызы ата-енесімен бір шаңырақ астында тұрады екен. Ол бұл жайында YouTube арнасындағы «Ойбай шоу» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Қайын жұрттан жолы болғанын айтқан Айсәуле ата-енесімен өте жақын қарым-қатынаста екен. Жолдасының анасына деген ерекше құрметі соншалық, құрбыдай сырласатын көрінеді. Ал келіндік міндетін жалғыз атқаруға шамасы келмейтінін сезгеннен соң Баян Алагөзованың қызы өзімен бірге үй күтушісін алып барған.
Оның себебін «күтуші жалдайтындай табыс тауып жатқанын» айтып түсіндірді. » Қазіргі таңда мен күйеуімнің үйінде ата-анасымен тұрамын. Екі итім де бар. Күтуші жұмысқа алдым, себебі мен жақсы табыс табамын.
Үй шаруасын жалғыз өзім жасай алмас та едім. Сондықтан да, иә, мен бір келіншекті алдым, үйді тазалайды, бізге көмектеседі, жалпы шаруалармен айналысады. Онда тұрған ешнәрсе жоқ деп ойлаймын», — деді Айсәуле Бақытбек. Әлеуметтік желіге анасымен бірге түскен суретін жиі салатын продюсердің қызына » төркінге бара берме» деген хаттар жиі келеді екен. «Негізі, иттер — сіңлім Айарудыкі.
Бірақ, менің нағашы апам олармен күнделікті қыдырудан шаршаған. Кешке Айару қыдыртатын. Шындығында, Айару өз қалтасынан төлеп үй күтушісіне өтініш жасайтын. Қазір олар менімен бірге. Бірақ, апта сайын ата-әжемнің үйіне қонаққа барып тұрады. Дегенмен де, жаңа үйіне де үйренісіп кетті. Оқырмандар «төркінге бара берме», деп маған көп жазады. Алғашында ол деген не деп таң қалатынмын. Қазір түсініп алдым», — деп бітірді сөзін Айсәуле. ERNUR.KZ
[:]