АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Менен де күшті қыз тап»: Ақ жейделеріне тілек жазған түлектер желіні шулатты (фото)[:]

[:kz]

 

Желіде соңғы қоңырау күні ақ жейделеріне тілек жазған мектеп түлектерінің суреті тарап кетті. Оқырмандардың бірі оқушылардың аталмыш әрекетін сынға алса, енді бірі, керісінше, жақтап шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
Фото: Instagram

Фото: Instagram

 

Бір қызығы жейдеге жазылған тілектердің арасында айрықша жазбалар да бар екен.

Мәселен суреттегі «Жан, менен де күшті қыз тап» деген жазба желі қолданушыларының арасында қызу талқыға түскен. Олардың бірі түлектердің аталмыш әрекеті мен сөздерін сынға алса, енді бірі балалықпен жасалған әрекет деп жақтап шықты.

Десе де оқырмандардың арасында «Соңғы қоңырауда қызы лақтырды-ау», «Көйлекке обал екен», «Еріккендер», «Ақшамен келген жейденің түгін қалдырмаған» деген сыни пікірлер басым.

Түлектердің Қазақстанның қай өңірінен екені әзірге белгісіз. Автор аталмыш суретке тек «Шын жүректен тілек» деген қысқа ғана жазба қалдырған.

 

[:]