АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Мені 6 жасымда зорлаған»: Белгілі құқық қорғаушы бала күнінде зорлық көргенін айтты[:]

[:kz]

әйел

 

Құқық қорғаушы прЛәззат Рақышева алты жасында зорлық көргенін айтты. Оны 18 жастағы балалар зорлап кетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Бір сұрақ» бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Мені 6 жасымда көршіміз зорлаған. Мені үйдегілер қарап жүріңдер деп көршілерге тапсырып кеткен. Бірақ қарап жүргенінің орнына мені 18 жастағы балалар зорлап тастаған. Ол туралы мен кітап жаздым», – дейді бағдарламаға келген Ләззат ханым.

Ол жүрегіне түскен сызатты кетіру үшін көп психолог мамандарына жүгініпті. Сол себептен де құқық қорғаушы бала зорлаған қылмыскерлерді өлім жазасына кесу керек екенін айтады. 

«Ол кезде мен алты жастамын. Онша ештеңе түсінбедім. Мысалы, қазір қолыма түссе, оларды сотсыз-ақ, өзім өлтіретін едім. Себебі бұл жүректен кетпейтін нәрсе. Үлкен психологиялық проблема. Маған психологялық көмек көп керек болды. Қаншама рет асылып өлгім келді», – деді ол кішкентай күніндегі оқиғаны еске алып. 

Құқық қорғаушының айтуынша, мұндай оқиғалар көбінесе әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларында кездеседі. Өйткені кітабы шыққаннан кейін өзіне бірнеше қыздар хат жазған. Тіпті зорланған көп әйелдер кейін бала көтере ала алмай да қалған жәйттер бар екен. 

«Кітабым шыққаннан кейін маған өзіміздің қазақтың қыздары хат жазды. Бір қызды өз әкесі зорлаған. Ол отбасындағы тоғыз қыздың ішіндегі кенжесі екен. Қазір 26 жаста. Маған өзінің өлгісі келетінін айтып хат жазады. Ондайда «Сенің өлуге құқығың жоқ» деп айтамын. Неге жәбірленуші өлуі керек. Біз неге бір адамның өміріне балта шапқан адамды өлім жазасына кеспейміз?», – дейді Ләззат ханым.

Stan.kz

[:]