АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Мені өзіне қол салды десе, сенбеңіздер»: Сотта ісі қаралып жатқан Ислам Әбішев өз өмірі үшін қауіптеніп отыр[:]

[:kz]

Бірнеше өңірде әкім болып, Су ресурстары комитетін басқарып, зейнетке шығуына екі ай қалғанда істі болған экс-шенеунік өзі туралы жалған ақпар тарауы мүмкін екенін айтады.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Ресми түрде мәлімдеймін! Егер мені өзіне қол салды деп жатса, сенбеңіздер! Бәлкім, бір жерде құлап қалды десе, шын мәнінде қасақана өлтірді деген сөз!», — дейді Ислам Әбішев. 

Ислам Әбішевтің сөзінше, бұған дейін комитетке қарасты екі филиал басшысы өзіне қол салған. Олардың бірі екі жыл бұрын тергеушіні жаралап, өзіне қол салған Өмірбек Жампозов дейді. Тағы бірі Алматы облысында мерт болған. Ресми дерек бойынша, олар пара алып, қолға түскендер. Алайда Ислам Әбішев екі өлімнің басқа себебі барын айтуда.

«Бұл кісілердің бәрі де сөзсіз Ислам Әбішиевтің өзінің кадрлары. Өзінің замандастары. Олар екеуі де, өзі болашақта мәлімдеме жасай жатар. Бірақ маған айтқаны Ислам Әбішевтің, екеуіне де Ислам Әбішевке қарсы жауап беруін талап еткен сол кезде. Сол себепті ол кісі өз өміріне қауіптенеді. Өйткені бұл осы ойынды, осы тапсырысты ұйымдастырып отырған адамдар өте мүмкіндіктері жоғары адамдар», — дедйі Әбішевтің адвокаты Абзал Құспанов.  

 Stan.kz

[:]