АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]«Мені түсінесің деп ойлаймын»: Бағлан Әбдірайымов қызынан кешірім сұрады[:]

[:kz]

 

Әкесінің арқасы дегеннен аулақ болған дұрыс.

«Қазақстан дауысы» балалар ән байқауында әнші Бағлан Әбдірайымовтың қызы қазылар алқасының көңілінен шыға алмай қалды. Осылайша ол келесі айналымға өтпей қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айқаракөз есімді қызының жылаған сәтін жүрегіне жақын қабылдаған әнші Бағлан Әбдірайымов қызынан кешірім сұрады. «Жігіттер» квартетінің мүшесі өзінің Іnstagram-дағы парақшасында әсерлі жазба жариялады.

 

«Жылама, қызым! Осы бір сәт жүрегімді елжіретіп жіберді. Жеңілген соң намыстан жылаған қызыма сүйсініп қалдым. Сөйлеу мәнері мен әдептілігі тәнті етті. Анасының еңбегі! Шынымды айтсам, Айқаракөздің өнеріне аса мән бермеппін. Мұңайма, қызым. Сенің жылағаныңа апаңнан бастап, апайыңа дейін көз жастарына ірік беріпті. Әлі талай қуантатын боласың. Жетістікке жету үшін осылай шыңдалған дұрыс деп есептеймін. Әділ-қазыларға ескертіп айтпағыным үшін, ренжіме. Әкесінің арқасы дегеннен аулақ болған дұрыс. Ақылың бар, түсінесің деп ойлаймын!» — деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

 

[:]