АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Менің арым таза»: Танымал блогер Supermamasita желіде шуға айналған қызыл жібі туралы айтып берді[:]

[:kz]

Желіде Supermamasita атымен танылған блогер Әлия Байтуғаева Instagram парақшасы арқылы сатқан қызыл жіптері туралы айтып берді. Блогер оны өз қолымен өргенін, сондай-ақ қасиетті жерлерге апарып рухын сіңіргенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Әлия Байтуғаева «1001 түн» бағдарламасында сұхбат беріп, желіде дау тудырған қызыл жібінің қандай қасиеттерге ие екенін айтты. 

“Қызыл жіп – бұл тұмар. Тіл-көзден сақтайды. Қазақтар бұрында тұмарды тақты ғой. Немесе балаларды көзден қорғайтын түйреуіш тағады. Мен өзім де көзмоншақты аламын. Тіпті есігіме қыстырып қоямын. Мысалға соған сенеді ғой. Бұл жіпте сондай. Мен мотиватормын, энергияға толы адаммын, ол жіптерді өзім өрдім, сосын оларды өзіммен бірге алып, Түркістанға бардым, мешіттерді аралап келдім”, – дейді блогер. 

Бағларлама жүргізушілері блогерден қызыл жібінің ерекше қасиетке ие екеніне дәлел сұрады. Блогердің сөзінше, қызыл жіптер Түркістандағы қасиетті жерлерде апарылып, дұға оқытылған. 

“Мен төрт жылдан бері қызыл жіпті тағып жүрмін. Уақыты келгенде ауыстырып отырамын. Олар да өз қызметтерін атқарып болғанда түсіп қалады. Мен 77 мың адам дауыс берді дегеніме бәрі солардың барлығы сатып алды деп ойлайды. Негізінде мың адам ғана сатып алды. Мен әр білезіктің 13%-ын салық ретінде төлеймін. Менің арым таза. Мен және менің командам ешқашан ешкімді алдаған емеспіз. Бізде ондай жағдайлар болған жоқ. Менің сенімім өте күшті. Мен басында егер сенбесеңіздер сатып алмаңыздар деп айттым. Мұндай нәрсеге сенгенмен, түсіндіру қиын”, – дейді Әлия Байтуғаева. 

Айта кетсек, журналист Өркен Кенжебек желіде жұртқа қызыл жіп сатып, жақсылыққа кенелесіз деп жүрген белгілі блогер Әлия Байтұғаеваны сынға алған болатын. Белгілі блогер Өркен Кенжебек қызыл жіпке сенім артып, одан медет сұрау санасыз адамның тірлігі дейді.

«Аюдың табаны, қасқырдың тырнағы, мысықтың тасағы, жасыл шұлық, сары банан, қызыл жіп немесе шүберек Құдайдың маңдайға жазып берген ешбір сынағынан құтқара алмайды. Бізге тиісті берілген ырзық-несібені көтере алмайды немесе ҰБТ-дан жоғары балл алып бермейді. Қызметімізді жоғарылатпайды және бала туғызып бермейді деген ақиқатты дипломы түгілі аттестаты жоқ қойшының өзі әлдеқашан түсініп қойған секілді көрінетін. Сөйтсем, өкінішке қарай, осыған сенетіндер көп екен», — деді Өркен Кенжебек.

[:]