[:kz]
Осы жылдың маусымында Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің жатақханасындағы төбелес кезінде 1-курс студенті Дидар Болысбектың қаза табуына байланысты сот үкімі шықты. Сөйтіп, аталған оқу орнының оқу орнының 2-курс студенті Тойчибек Асамов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал бүгін осы үкімге қатысты шағым түсіру мақсатында Алматыдағы адам құқығы бойынша халықаралық бюроның пресс-бөлімшесінде арнайы кездесу ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Caravan.kz
Сотталған студенттің анасы Саламат Асамова сот үкімімен келіспейтінін және баласының бұл іске мүлдем қатысы жоқ екеніне сендіруге тырысты.
«Сол күні балам маған телефон шалып, университетте бір студенттің қайтыс болып, соған куәгер ретінде шақырып жатқанын айтты. Алайда келесі күні бізге телефон шалып, баламыздың іске тікелей қатысы бар екенін айтты. Сөйтсе, университет қабырғаларында қалыптасқан белгілі бір бейресми ережелер бар екен. Жасы үлкен студенттер кішілерге қоқаң-лоққы көрсетіп, өздеріне бағынуды талап етіп, керек кезде ақшаларың тартып алатын көрінеді. Ережеге бағынбаған жағдайда соққыға жығады , — дейді С.Асамова. — Қаза тапқан Дидар есімді бала 1 курс студенті болған. 17 сәуір күні 2-курстағылар төмен курстағыларды жинап, олардан ақша талап еткен. Менің балам ол кезде өз бөлмесінде жарақаттанған қолымен жатқан болатын. Оны соңғы сәтте достары тұрғызып, төбелеске шақырыпты».
Анасының сөзі бойынша, ары қарай жатақһана үлкен төбелес алаңына айналды. Оның нәтижесінде Дидар кеудесіне ауыр соққы алып , мерт болған. Сол кезде оның баласы есің білмей жатқан Дидарды бетінен шапалақтап, оятуға тырысты.
«Бала қайтыс болды деген хабар келгеннен кейін, жаңындағы 2 курс студенттерінің бірі әкесінің үлкен жерде жұмыс істеп, істі жабуға көмектесетінін айтқан. Сөйтіп келіп, менің балама кінәні өзіңе алуды ұсынды»
«Алайда менің балам оған келіскен жоқ. Ақыры, соққыға жыққан балалардың бәрі күдіктілер қатарынан куәгерге айналды. Себебі олардың бірінің әкесі — полицей, ал тағы біреуінікі — бастық. Менің ғана балам бәріне кінәлі сияқты болып шықты», — деп жалғастырды анасы.
Саламат Асамованың айтуынша, оның ұлы қаза болған Дидармен дос болған.
«Мен ұлымның Дидармен араласып жүрген кезінде түсірілген суреттерін көрсете аламын» , — деді сотталушының анасы.
Заңгер және cотталушының қорғаушысы Юрий Билоустың айтуынша, соттың үкімі ешқандай заңнамалық актілерге сәйкес келмейді.
«БІріншіден, куәгерлердің берген жауаптары бір-бірінен айнымайды. ТІпті орфографиялық қателеріне дейін ұқсас. Неге екені белгісіз, бірақ сот бұны назарға алған жоқ. Екіншіден, тіпті айыпталушы соққы жасаған күнде де, бұл жайт «денсаулыққа қасақана зиян келтiру» деген айып бойынша Қылмыстық Кодекстің 104-бабымен қаралуы керек еді. Себебі, төбелес басталғалы айыпталушы өзін қорғау мақсатында әрекет қолданған. Одан бөлек, өлімге алып келетіндей соққы жасау үшін бала кем дегенде спортқа бейім болуы керек. Ал менің қорғауымдағы жігіттің жасы 17-де ,бойы 160 см, салмағы 55-ақ кг. Сондықтан да толыққанды экспертизалық жұмыстар жүргізілген жоқ деп есептейміз» , — дейді заңгер.
ҚазҰАУ жатақханасында қайғылы оқиға болғалы бері төрт ай өтсе де, оқу орнының басшылығы бұған қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ. Онымен қоса, Тойчибек Асамов оқиға болған күнге дейін университет ректорының үйінде қара жұмыспен айналысып, қолын жарақаттап алғанын айтты.
Шым-шытырыққа толы қылмыстық іс немен бітетіні әлі белгісіз. Айыпталушы тарапы апелляциялық сотқа арыз беретіні туралы хабарлады. Caravan.kz оқырмандарын бұл жайттың жай-жапсарымен алдағы уақытта да хабардар ететін болады.