АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Министр қолдан жасалған өкпені жасанды желдету құрылғысының қаупі туралы айтты [:]

[:kz]

Денсаулық сақтау министрі тыныс алу қызметін күшейту үшін өкпені жасанды желдету құрылғыларын қолдан жасап қолданудың қаупі туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

«Әлеуметтік желілерде азаматтардың тыныс алуды күшейту үшін өз қолдарымен бір нәрсе жасауға тырысып жатқандары туралы түрлі жарияланымдар пайда болды.

Интернеттен қолдан қалай жасау керектігін көріп алып, өз бетімен үйде емделгісі кететіндер де болады. Мұндай жағдайда өте мұқият болу керек, өйткені егер сұйықтық таза болмаса, өкпеде бактериялық инфекцияның пайда болуы мүмкін.

Қолдан жасалған құрылғыларға өте мұқият қарау керек. Қашан да асқынуларға алып келу қаупі бар. Өкінішке қарай, бізде мұндай жағдайлар тіркелді және тек бізде ғана емес. Сондықтан азаматтарымызға ескерту керек.

Дәрігерлердің көмегіне жүгінген жөн», — деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде. Айта кетейік, осыған дейін Маңғыстау облысында Ислам Жалғасбай есімді мектеп оқушысы пневмонияға шалдыққан атасының денсаулығына алаңдап, қолда бар заттармен өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шыққанын хабарлаған едік.

Отбасының туысы Рахат Тұрғановтың олардың 67 жастағы аталары екіжақты пневмонияға шалдығып, ауруханаға жатқызылғанын айтқан болатын. Дәрігерлер қарияның жасына орай, оның денсаулығына байланысты болжамдар көңіл көншітпейтінін айтып, туыстарынан оны үйіне алып кетуді ұсынған екен.

больше: https://kaz.nur.kz/1864141-ministr-koldan-zasalgan-kpeni-zasandy-zeldetu-krylgysyny-kaupi-turaly-ajtty.html

[:]