АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Министрлік тұрғылықты жер бойынша уақытша тіркеуге қатысты сұрақтарға жауап бердi[:]

[:kz]

?????
?????

Тіркеуден басқа қалаға көшкенде ғана емес, бір елді мекеннен басқасына көшкен уақытта да өту керек. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Таяуда елімізде тұрғылықты жерде тіркеуді міндеттейтін түзетулері бар заң күшіне енген болатын. Осыған байланысты бірқатар сұрақ туындады.

Түзетулердің бір бөлігі пәтер иесін тұрып жатқан адамдарды онда тіркеуге міндеттейді, егер тіркемесе, әкімшілік айыппұл салынады. Сонымен қатар, тіркеусіз тұрып жатқан адамдарға да айыппұл салу қарастырылған. Осыған байланысты қазақстандықтар пәтеріне тіркелген адамдар оның жылжымайтын мүлкін алып қоюы мүмкін деген қауіп жайлы сұрады. «Пәтер иелері белгілі бір келісімшарттарды (мәселен жалға беру келісімшарты) жасаса отырып, уақытша тұратын адамға баспанаға иелік ету және пайдалану құқығын бере алады. Алайда мұндай құқық пәтер иесінің атындағы жеке мүлікті жалға алушының атына жазуға мүмкіндік бермейді«, — деп пікір білдірді ІІМ өкілдері.

Сонымен қатар, қазақстандықтар ҚР территориясындағы кез келген ХҚКО-дан тұрғылықты жер бойынша тіркеуден өту жайлы сұрады. ІІМ өкілдері ХҚКО-да баспананың орналасқан жері бойынша тіркелу керек екенін алға тартты. «Мәселен, үй Астананың Есіл ауданында орналасса, сәйкесінше, Астананың Есіл аудандық ХҚКО-ға барып тіркелу керек», — дейді министрліктегілер. Сондай-ақ, ІІМ-дегілер «пәтердің қожайыны шетелде болса, оның үйіне тіркелуге бола ма?» деген сұраққа келесідей тіл қатты: «Егер шетелде болса, тіркеу үшін пәтер иесі ХҚКО-ға келуге міндетті емес. Тіркеуді арнайы сенімхат арқылы жасауға болады. Баспана иесі нотариус қол қойған сенімхатпен сенім білдірілген тұлға арқылы тіркей алады», — деп хабарлады ІІМ-дегілер. Мұнымен қатар, айтуларынша, тіркеуден басқа қалаға көшкенде ғана емес, бір елді мекеннен кеткен уақытта да өту керек.

Ведомстводағылар айыппұл салу үшін дәлелдерді жинау тәртібі жайлы айтып берді. Айта кетейік, айыппұл «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы) бабы бойынша салынады екен. «Әкімшілік айыппұл салу үшін дәлелдерді жинау ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 765-бабында қарастырылған («Дәлелдемелер») тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Айыппұл салу үшін дәлелдерді жинау полицейдің міндеті«, — деді министрліктегілер. 

Ал осы бапты оқып көрсек, көршілердің көрсетпесі дәлел болып саналады екен. Ал егер азаматтар полицейлерге белгілі бір үйдің тұрғындары жайлы айтқысы келмесе, ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы бойынша («Билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау») жауапкершілік қарастырылған. «Тіркеусіз тұрғаны үшін айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік бір айдан кейін артылады«, — дейді ІІМ өкілдері.

Мұнымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабында аталатын «тұрғылықты жер» мен «уақытша болатын (тұратын) жер» деген ұғымдардың қандай айырмашылығы бар екенін түсіндірді. «ҚР Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес, азамат тұрақты немесе көбiнесе тұратын елдi мекен оның тұрғылықты жерi деп танылады. Ал уақытша болатын (тұратын) жер — азамат уақытша тұратын, бірақ тұрғылықты жері емес, мекен-жайы бар орын. Тұрғылықты жер бойынша тіркеу мен уақытша тұру орны бойынша тіркеудің айырмашылығы, ведомство өкілдерінің айтуынша, уақытша тіркеу кезінде тұратын мерзімнің көрсетілуінде де, ал тұрғылықты жер бойынша тіркеуде мерзімінің көрсетілмеуінде.

Еске салайық, 2016 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуді қарастыратын заңға қол қойған болатын. Заңға сәйкес, жалға берушілер өз жылжымайтын мүліктерінде тұрып жатқан адамдарды тіркеуге міндетті. Бұл заң Ақтөбе мен Алматыдағы терактілерге байланысты қабылданып отыр.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/

[:]