[:kz]
Өзбекстан президенті Шавхат Мирзиеев Азия құрлығындағы «саясат» категориясы бойынша 2018 жыл адамы деп танылды. ӨзТАГ-тың хабарлауынша, жеңімпаз Азия журналистер Ассоциациясының тұжырымы бойынша анықталған.
Өзбекстан басшысы Орталық Азиядағы бейбітшілік пен келісім орнатуға қосқан үлесі және көрші елдермен қарым-қатынас орнатудағы белсенді еңбегі үшін марапатталып отыр.
2016 жылдың желтоқсанынан бергі екі жыл аралығында Өзбекстанның ішкі-сыртқы саясатына өзгеріс енгізіп, толықтай реформалап жатқан Мирзиеев ашық экономика мен адам құқығының қорғалуына күш салатынын айтып жүр.
Басқа категориялар бойынша бұл тізімде LG Group компаниясының төрағасы Ку Бон Му, египет кардиохирург Магди Хабиб Якоб, Вьетнамның футболдан ұлттық құрамасының жаттықтырушысы Пак Хан Со бар.
Азияның жыл адамы-2018 жеңімпаздары 2019 жылдың көктемінде марапатталады.
zhasalash.kz
[:]