[:kz]
2 ақпан күні Шешенстан астанасында жүздеген мың адам митингке шықты. Олар бұрынғы сот Сайди Янгулбаевтың отбасын жазалауды талап еткен. Митингте Шешенстан билігінің өкілдері бұрынғы соттың отбасын өлтіріп, басын шауып тастау жайлы үндеу айтты. Жиналғандар «Өлім», «Оларды дереу ұстаңдар», «Бастары шабылсын», «Қазір басты міндет бастарын шабу» деп ұрандаған. Суреттерін өртеп, қарғаған.
Митингке барлығы 400 мың адам жиналған. Шешенстанның 80% ерлері аталмыш акцияға қатысқан. Сайди Сайди Янгулбаев дінді бұрмалап, терроризмді жақтады деп айыпталуда. Сайди Янгубаев әйелімен бірге Грозныйдан Нижний Новгородқа кетіп қалған. Ал оның ұлы Абубакар Пятигорскке қашқан. Бұған дейін Қадыров тікелей Янгубаев отбасын айыптап, оларға сес көрсеткен болатын. Шын мәнінде Шешенстан билігі бұрынғы сот қызметкерін Шешенстанда адам құқығын таптап отырған фактілерді жариялағаны үшін қудалауда.
«Адырна» ұлттық порталы
[:]