АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Миы шайқалып, жарақат алды»: Алматыдағы «Мегада» баланың үстіне ойыншық мүсін құлап кеткен[:]

[:kz]

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде баланың үстіне мүсін құлап кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде Бақытжан Базарбек есімді қолданушы жазба жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қолданушы мүсін дұрыс бекітілмегендіктен, баланың үстіне құлап кеткенін айтады. 

 

«Бүгін Алматыдағы «Мега» ойын-сауық орталығында досымның ұлының үстіне үлкен ойыншық мүсіні құлап кетті. Үлкен мүсін бар болғаны скотчқа жабыстырылған. Баланың миы шайқалып, жарақат алды. Сонымен қатар жүктілігіне тоғыз ай болған баланың анасы шок алып қалды. Біз сотқа жүгінетін боламыз», — деп жазды ол. 

Оқиғаға қатысты «Мега» ойын-сауық орталығының баспасөз қызметіне сұрау жіберген болатынбыз. Әлі жауап берілген жоқ. 

 
 

[:]