[:kz]
Боранды, қолайсыз ауа райы кезінде тасжолда қалған көлік жүргізушілері мен жолаушыларына көмек көрсетуге шыққан қарағандылық патрульдік полиция қызметінің инспекторы Дамир Құдайберген өз суретінің әлеуметтік желіге тарап кеткенін таңданыспен қабылдапты. Ғаламтор қолданушылары арасында «бүгінгі күннің батыры» атанған азамат өзін «батыр деп есептемейтінін» «Еуразия» бірінші арнасының «Basty prime» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Айта кетейін, мына жерде өзімді бір батырмын деп санамаймын. Бұл істі мен ғана емес бүкілі жасады. Тура сол күні біз сағат оннан кете Теміртаудан Қарағандыға қарай бағыт алдық. Алдымызда арнайы техника кетіп бара жатты. Ол жолды тазартқан еді. Сосын жел қатты соғып, боран тұрды. Алдындағылдар өтіп, артындағылар қалып қойды», — дейді Дамир Құдайберген.
Сөзінше, өзінің әріптесі екеуі көліктің артында келе жатқан.
Біз Нұрола Болатбекпен бірге кетіп бара жатып, артында тоқтап қалдық. Өйткені біз ешкім қалып қоймасын деп артта келе жатқанбыз. Сосын көліктен шығып, жаяу алдыға жүруді жөн көрдім. Әрі қарай барсақ, көліктер қозғалыссыз тұрып қалыпты. Жеңіл көліктер қозғала алмай қалған. Сол жерде көмектесіп, көліктерін шығару үшін итерісіпғ көмектестік. Жол тіптен көрінбей қалды», — деп қосты инспектор.
Естеріңізге салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде бетіне мұз қатқан полиция қызметкерінің суреті тарап кетіп еді. Желі қолданушылары оның көлік жүргізушілеріне көрсеткен көмегін айтып, біраз мақтады.
[:]