[:kz]
Мөлдір Әуелбекованың күйеуі кім? Көпшілікті осы сұрақ жиі мазалайды. Желіде әнші мен күйеуінің бірге жүрген сәтінен видео тарады.
Мөлдір Әуелбекова жақында екінші рет тұрмысқа шықты.
Әнші намазға жығылып, оранып жүр. Желі қолданушылары оны намазхан жігітке тұрмысқа шықты деп болжады. Жолдасының кім екенінсұраушылар көп. Ал әнші күйеуін ашық көрсетіп, ол туралы атқан емес.
Желіде Әуелбекова мен жолдасының бірге жүрген сәтінен видео тарап кетті.
Видеода әншінің жанындағы жігіт “Теңге ілу” федерациясының басшысы Қуаныш Құрашев.
Кейіннен әнші Мұхтар Ханзада Instagram желісінде расымен Қуаныш атты ағасымен түскен фотосын жариялаған болып шықты. Ол тіпті ағасына өлең жолдарын да арнаған.
Ағалардың арасында бағы бөлек,
Қараңғыда інілерге шамы керек.
Пайда үшін арласатын көп кісіден,
Шыны керек бұл кісінің Тағы бөлек.
Бармақтай бақ қонғанғой жасыңызда,
Тек амандық тілеймін басыңызға.
Мәдениетті шет елден үйренбейік,
Аристократ ағамыз жүр, қасымызда.
Аруларды қинамай ақ сүйгізген,
Қырағы ғой көздегенге тигізген.
Астананың суықтығын байқатпай,
Эскалайдты тәбішке қып кигізген.
Ал ағабай қонақ болып келіп қалдық,
Болсын енді тыңдасаңыз Күй бізден.
Stan.kz ақпарат агенттігі
[:]