АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Монша, пеш бәрін жағамын: Мақпал Исабекова жігіт болса мықты келін болатынын айтты[:]

[:kz]

Алдағы жылы 35 жасқа толатын Мақпал қолынан келмейтін дүниенің өзі жоқ екенін айтып мақтанды. Әнші аула тазалап, келін ретінде қара жұмыс істеуге де арланбайтынын жеткізді.

Мақпал Исабекова болашақта қандай келін болатыны жайлы айтып, көпшілікті өзінің қарапайымдылығымен таң қалдырды.  «Түнгі студия» бағдарламасына сұхбат берген әнші  сүйгені үшін барлығына дайын екен, деп жазды KYN.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы келін болуға дайын екенін жеткізді. Мақпал Исабекова қолынан келетін жұмыстардың барлығын тікелей эфир кезінде тізіп берген.

«Менің негізі қолымнан келмейтін нәрсе жоқ қой. Мен бәрін істей аламын. Монша да, от та жаға аламын. Есік алдын сыпыру деген ең оңай мен үшін. Кез келген тамақ түрін жасай аламын. Мен шайды қалай құятынымды білсеңіздер ғой» , — деп мақтанды әнші.

Оған қоса, әнші болашақта отбасылық өмірін қалай елестететіні туралы да сыр шертті. Ол бес жылда бес баланы дүниеге әкелуге ниетті екенін айтты.

kyn.kz

[:]